
Роза Әлқожа ипотекаға пәтер алғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Айтуынша, жаңа үй қазір тұруға дайын.
Бұл туралы танымал әнші жеке парақшасында жария етті.
«Армысыздар! Ипотекаға алатын үйіміздің бүгін жөндеу жұмыстары біткен екен. Бұйыртса, кілтін тапсырады. Қалай тез арада бітіп кеткен! Күшті» – деп таңырқады әнші.
Роза Әлқожаның айтуынша, жаңа үй кешені – бүтін бір қалашық. Құрылыс компаниясы үй емес, қала салатынын айтқан. Әнші бұған нақты көз жеткізгенін айтты. Бейнежазбада жаңа біткен үйлерді көрсетіп, таңырқағанын жасыра алмады.
«Әр қазақ баспаналы болсын! Әр адамның өзінің жеке, жайлы тұрғын үйі болсын! Баршаңызға тілектеспін!» – деп әнші оқырмандарына жұғысты болуын тіледі.
Айта кететін жайт, биыл Роза Әлқожаның отбасында қуаныш көп болды. Бүгін тағы бір баспанаға ие болып жатса, қыркүйек айының басында Айдын Қабамен үйленгендеріне 25 жыл толды. Қалыңдық көйлегін киіп, дүркіретіп мерейтойын өткізген еді.