
Halyk Bank-ке өзбекстандық Click акциясын сатып алуға рұқсат берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлады.
«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына «Click» акционерлік қоғамының (Өзбекстан Республикасы) капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы» қаулыны қабылдады», – деп жазылған хабарламада.
Click – Өзбекстандағы ең танымал төлем жүйелерінің бірі. Қазір оның 20 миллионнан астам қолданушысы бар. Click арқылы күн сайын 2 миллионнан астам төлем жасалады. 2024 жылы компанияның кірісі 35,3%-ға, ал пайдасы 37,5%-ға өскен.
Шілдеде отандық банк Click-тің 49%-ын сатып алмақшы екенін хабарлаған. Бұл мәміле үшін банк 176,4 млн доллар төлеуге дайын.