
Түрік актері Бурак Өзчевит Маңғыстау тұрғындарымен кездесіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді. Ең танымал сұрақтардың бірі оның қазақстандық киноға түсуі болды.
Облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Бурак Өзчевит кездесуде қазақстандық кинематографистермен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген.
«Соңғы жеті жылда түсірілген менің телехикаям жақын арада аяқталады. Осы жобадан кейін менде жаңа шығармашылық жоспарлар бар. Егер Қазақстан тарапынан ұсыныстар келіп түссе, мен оларды қарауға дайынмын. Болашақта жақсы бірлескен жобалар пайда болады деп сенемін», — деп атап өтті «Керемет ғасыр»жұлдызы.
Сондай-ақ, Бурак Өзчевит түркі қайраткері Қорқыттың есімімен байланысты фестивальдің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі фестиваль ерекше, өйткені ол біздің ата-бабамыз Қорқыттың есімімен аталады. Фестиваль түркі халықтарының өнерін біріктіреді және шығармашылық адамдарды бір алаңға жинайды. Қорқыт мұрасын насихаттау арқылы фестивальдің дамуына үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе. Осы бағытта бар күш-жігерімді жұмсауға тырысамын», – деді Бурак Өзчевит.
Жанкүйерлермен кездесуде Өзчевит өзінің актерлік жолы мен есте қалған рөлдері туралы айтты. Көрермендер оны жылы қабылдады: қонақтар сұрақтар қойып, қойылымды белсенді қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, «Керемет ғасыр» жұлдызы Қазақстанға түркі әлемі елдерінің «Қорқыт ата»кинофестиваліне ұшып келген болатын. Ол 1-5 қазан аралығында Ақтауда өтеді.