Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді – видео

Жарияланды 3 Қазан 2025 11:36

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Димаш АҚШ-қа барды/фото: kursiv.media архиві

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барды. Өнерпаз 5 қазанда «Stranger» атты жеке концертін өткізеді.

«5 қазан Madison Square Garden сахнасында біз бүкіл әлемге Қазақстанды таныстырамыз. Бұл ерекше кеште Отанымыздың мемлекеттік әнұранын орындағым келеді», – деп жазды ол.

Тыңдармандары Димашты 1 қазанда Нью-Йорктегі Кеннеди халықаралық әуежайынан күтіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз