Димаштың жанкүйерлері Нью-Йоркте Қазақстанның Әнұранын шырқады (видео)

Жарияланды 6 Қазан 2025 14:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш концерті
Нью-Йоркте Қазақстанның Әнұраны шырқалды (видео) / фото: архив kursiv.media

Нью-Йоркте әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің концерті ерекше әсерге толы сәтпен басталды. Шоу басталар алдында залға жиналған мыңдаған жанкүйер Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындап, елге деген сүйіспеншілігін және мақтаныш сезімін паш етті.

Бұл әсерлі көріністің бейнежазбасын әншінің анасы Светлана Айтбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.

Сонымен қатар, Нью-Йоркте Димаш Құдайберген қазақ мәдениетін дәріптеп жүрген бір топ отандасымен кездесіп, шетелде ұлттық өнерді танытудың маңызы жайлы әңгімелесті.

Сондай-ақ оқыңыз