Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова өмірден өтті

Жарияланды 6 Қазан 2025 14:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Майгүл Қазтұрғанова өмірден өтті / фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Министрлік белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майгүл Ибрагимқызы Қазтұрғанованың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және барша халқына қайғыра көңіл айтты.

Майгүл Қазтұрғанова қазақтың дәстүрлі ән өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан, қайталанбас дауыс иесі әрі ұлттық мәдениеттің мақтанышы еді. Халық композиторлары мен кәсіби авторлардың таңдаулы шығармаларын шеберлікпен орындап, ұлттық қазынаны әлемге танытты.

Өнер жолын әйгілі Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігіндегі «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде бастаған Майгүл Ибрагимқызы бүкіл ғұмырын қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға арнады. Оның орындауындағы туындылар халық жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына енді.

Сондай-ақ оқыңыз