Джеки Чанның жаңа фильмін қазақстандық режиссер түсіреді

Жарияланды 21 Қазан 2025 21:04

(жаңартылды 22 Қазан 2025 08:30)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Джеки Чанның жаңа фильмін қазақстандық режиссер түсіреді / Фото: Salem Entertainment

Атақты қытайлық актер әрі режиссер Джеки Чанның жаңа фильмін қазақстандық режиссер Роберт Кун түсіретін болды, деп хабарлайды Kursiv.Lifestyle.

Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун болады. Оның кандидатурасын Джеки Чан жеке өзі таңдаған.

Роберт 20 жылдан астам уақыт бойы экшн-сахналардың режиссері болды. Ол Disney, Paramount, 20th Century Fox, Universal, MGM студияларының жобаларында, «Күндізгі күзет», «Аса қауіпті», «Президент Линкольн: вампир аңшысы», «Бен-Гур», «Ол айдаһар» және т.б. фильмдерде жұмыс істеген.

Сонымен қатар Роберт қазақстандық Аction Studio Kun-do компаниясының басшысы. «Құдай сауыты: Ультиматум» түсірілімі 2026 жылдың көктемінде басталады.

Айта кетейік, қазан айының басында Джеки Чанға Қазақстанға келіп, Salem Entertainment компаниясымен келісімге келген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз