
28 қазанда Apple компаниясының нарықтағы капиталы алғаш рет 4 трлн доллардан асты. iPhone саудасы қызып тұрған шақта компания үшінші ірі технологиялық компанияға айналды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
9 қыркүйекте жаңа өнімдерін ұсынғалы бері Apple акциялары 13%-ға көтерілді. Компания түсімінің жартысынан астамы Айфон өнімдерін сатудан келеді. Жыл басында оның акцияларының құны біршама төмендеген. Оған Қытайда бәсекенің күшеюі себеп болған. Оның үстіне, АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген баж салықтары да көп қиындық туғызған.
iPhone 17 мен iPhone Air шыққан уақытта Бейжіңдегі клиенттер Apple-ге қайта оралды. Мамандар АҚШ пен Қытайда жаңа айфон саудасы күткен нәтижеден асып түскенін айтып отыр.
Осылайша, Apple нарықтағы құны 4 трлн доллардан асқан үшінші ірі компания атанды. Оның алдында Nvidia мен Microsoft қана тұр. Компания төртінші тоқсанның қаржы есебін 30 қазанда жариялайды.
Apple – компьютер, смартфон, компьютерлік бағдарламалар мен онлайн-сервистер шығаратын америкалық технологиялық компания. Оның негізін 1976 жылы Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн қалаған. Компания iPhone, iPad, Mac секілді инновациялық өнімдерімен танымал.
Бұған дейін Kursiv.Media жаңа айфон сатып алу үшін қанша күн жұмыс істеу керек екендігін есептеп шығарған.
Apple 2027 жылға қарай кемі алты жаңа iPhone шығаруды көздеп отыр.