Жұлдыз Әбдікәрімова үш айлық баласын тастап, неге Жапонияға кетіп қалды?

Жарияланды 6 Қараша 2025 10:04

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын алаңдатқан сұрақтарға жауап берді /фото: instagram
Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын алаңдатқан сұрақтарға жауап берді /фото: instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова үш айлық баласын тастап, неге Жапонияға кетіп қалғанын түсіндірді. Айтуынша, ол біліктілігін көтермек.

Танымал актрисаның сөзіне қарағанда, оқырмандары Жапонияға неге кеткенін, үш айға әлі толмаған Рабия Сұлтанға кім қарап қалғанын сұрап жатыр. Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі арқылы осы сұрақтарға ашық жауап берді.

«Жапонияға сапарым іс-сапар болды. Мамандығым – арт-менеджмент продюссерлік бойынша біліктілікті көтеру үшін бардым», – деді актриса.  

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Жапонияға ол ғылыми-тағлымдамалық бағдарламалармен танысуға, тәжірибе алмасуға және жергілікті университеттерді көруге келген. Сол үшін қазір Цукуба қаласында жүр.

Әрине, Қайрат Нұртастың бала-шағасы қараусыз қалмаған.  

«Шүкір, балалар қараулы. Рабия Сұлтанға менің үлкен әпкем Мәрзия келді. Сол кісі қарап жатыр», – деді актриса.  

Қалған балалары каникул аяқталған соң, Астанаға келген. Үлкені – Сезім Англияға кеткен.

Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесуге шығып жүргенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз