Қыдырәлі Болманов пен жас қыздың сүйісіп тұрған видеосы Қарақатты ашуландырды

Жарияланды 6 Қараша 2025 12:39

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина бұл видеоларды жариялағандарды тексеруді талап етіп отыр / фото: astanatv.kz
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина бұл видеоларды жариялағандарды тексеруді талап етіп отыр / фото: astanatv.kz

Қыдырәлі Болманов пен жас қыздың сүйісіп тұрған видеосы Қарақат Әбілдинаны қатты таңырқатты.

Әншінің айтуынша, жасанды интеллект арқылы жалған видео жасап әлеуметтік желілерде таратып жүрген белгісіз біреулер бар. Оларды жұлдызды жұп жазаға тартуға шақырып отыр.

«Мынаны қараңыздар! Мынадай сорақылықты көрдіңіздер ме? Мынау не деген масқара! YouTub-тан Қыдырәлі Қарақат деп терген бетте, жасанды интеллект дей ме, осылай жариялап, салып жатыр екен», – деді Қарақат Әбілдина.

Сосын, видеоны кері айналдырып, видеоның қашан жарияланғанын көруге ұмтылады. Сосын жұлдыздар отбасы бұл бейнежазбаның 22 сағат бұрын салынғанын анықтайды. Жалған видеоны 8 мыңнан астам адам қараған.

Келесі бір видеода «Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановты түрмеге қамалғаны» туралы, тіпті «дүниеден өткені» туралы да өтірік ақпарат жүр.

«Ойларына келгенін айтып, не болса, соны сала беретіндерді тексеретін заң жоқ па мемлекетімізде? Сөзім жоқ менің!», – деп жазды әнші сторисіне.

Мұның алдында Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиеваны Қарақат пен Қыдырәлі қалай ажырастыра жаздағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз