
Alem лақап атымен танылған әнші Батырхан Мәліковтің кезекті туындысы жарық көрді. Жаңа ән «Kim» деп аталады.
Тректің продюсері Alem, сөзі мен әнін жазған Есбол Таспаев. Ән 7 қарашада ютуб парақшасына жүктелді. Тыңдармандар туындыны жылы қабылдады.
«Еуропалық стильде жазылыпты керемет»
«Өте керемет! Жүрегімді тебірентіп, елжіретіп әкетті»
«Әннің басы – Виктор Цойдың вайбы боп тұр»
«Әрқашан жоғары деңгейде», – деп жазылған пікірлер.
Осы жылы әншінің екі трегі қатарынан хитке айналды. Жыл басында «Күйім» әні көш басында болды. Осы уақытқа дейін бейнебаяны 20 млн қаралым жинаған. Ал сәуірде шыққан «Елестет» әнінің клипі 4.9 млн рет қаралған. Көпшілік екі әннің ерекше стильде жазылғанын, сөзі мен әуеннің үйлесе кеткенін атап өтті.
Осы күзде Батырхан Мәліков тағы бір қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол банктің ипотеканы мақұлдағанын, жақын арада жаңа пәтердің кілті қолына тиетінін айтқан.
Alem – әйгілі 91 тобының мүшесі. Оған дейін «Қазақстан дауысы», X-factor жобаларына қатысып, финалына дейін жетті.