
Қазақстан мұнай өнімдерін шет елге сатуға салынған тыйымды ұзартты. Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі қол қойды.
Үкімет бұл шараны ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алған.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 20 қарашадан 2026 жылдың 20 мамырына дейін Қазақстан аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен мұнай өнімдерін, соның ішінде бензин, дизель отыны және бірқатар басқа да мұнай өнімін шығаруға тыйым салынады. Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қолданылады.
Бұл шектеу:
- жағармайлар;
- көлік құралдарының зауытта орнатылған бактарындағы отын;
- ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарына арналған авиаотын (уәкілетті органмен келісілген жағдайда);
- Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын гуманитарлық көмекке қолданылмайды.
Бұған дейін Қазақстан Өзбекстанға бензин сатпайтынын мәлімдеген.