
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Ресей басшылары Мәскеуде өткен қазақ әртістерінің концертіне қатысты.
Мәдени бағдарламада қазақстандық өнер жұлдыздары Роза Рымбаева, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Зарина Алтынбаева мен Мария Мудряк сахна төріне шығып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында Тоқаев пен Путин әртістермен жеке жүздесіп, өнерлеріне жоғары баға берді.
Әңгіме барысында Ресей президенті Владимир Путин қазақ тіліндегі сөздерді тыңдағанда бір ерекше сәтті атап өтті.
«Мен жүргізушілерді тыңдап отырдым. Қазақшам аса мықты емес, бірақ бір сөзді анық түсіндім. «Алтын» деген сөз. Міне, сол алтын сіздерсіздер», – деді Путин қазақ әртістеріне жылы тілегін білдіріп.
Осылайша, Тоқаевтың Ресейдегі мемлекеттік сапары аяқталды. Сапар барасында мемлекет басшысы Путинмен Кремльде бейресми кездесу өткізген еді.