
Бүгін Алматыдағы Республика сарайында өтіп жатқан «Қазақ Аруы – 2025» байқауының сайтына кіру және қатысушыларға дауыс беру мүмкін болмай қалды.
Дауыс беру онлайн түрде ашылған байқаудың Qazaqaruy.kz доменіне дәл қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан кіру мүмкін емес. Дәл қазір 20 қатысушының бірі онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз атануы керек болған.
Қазақстандықтар дауыс беру үшін сайтқа кіріп, Google формасына өтіп, өз электронды поштасын көрсетіп, арулардың бірін таңдауы керек болған.
Биыл 15 мәрте өтіп жатқан байқаудың Youtube-тегі тікелей трансляциясын 80 мыңнан астам адам тамашалап отыр.
Ақпаратқа сүйенсек, дауыс беру үшін арнайы Google-формаға кіру қажет.
Айта кетейік, осыған дейін «Қазақ аруы – 2025» байқауына қатысып жатқан арулар жайлы жазған едік.