«Threads біздікі»: Қазақстан пайдаланушылар саны бойынша көш бастап тұр

Жарияланды 17 Қараша 2025 11:41

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
threads
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

2025 жылғы DataReportal деректеріне сәйкес, Қазақстанда Threads желісін қолданушылар саны көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Kursiv LifeStyle осы әлеуметтік желінің «нағыз қазақша кеңістікке» айналуына не себеп болғанын және оның аудиториясы қандай екенін зерттеп көрді.

1,85 млн қазақстандық Threads желісін қолданады

Meta компаниясының жарнамалық құралдары көрсеткендей, 2025 жылдың соңында Қазақстандағы Threads аудиториясы 1,85 миллион адамға жеткен. Бұл ТМД елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. (Ресей деректері көрсетілмеген)

Салыстыру үшін:

  • Украина — 1,75 млн
  • Өзбекстан — 834 мың
  • Қырғызстан — 538 мың
  • Беларусь — 533 мың

Әйелдер белсендірек

Демографиялық статистика Қазақстанда Threads қолданушыларының 59% әйелдер екенін көрсетеді. Ұқсас жағдай Украина мен Беларусьте байқалады. Ал Өзбекстанда керісінше желіде ерлер басым.

Meta деректеріне сүйенсек, Қазақстан Threads қолдану бойынша аймақта сенімді түрде көш бастап тұр. Дегенмен әлем бойынша көрсеткіштер аясында бұл сандар аса үлкен үлесті құрамайды. 2025 жылы Threads ай сайынғы белсенді аудиториясы 400 млн-нан асқан.

Әлем бойынша қолданушылар саны ең көп елдер үштігінде: Үндістан, АҚШ және Бразилия екен.

Сондай-ақ оқыңыз