«Аңдар шаһары 2» мультфильмін қазақша сайратқан кімдер

Жарияланды 26 Қараша 2025 13:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Аңдар шаһары 2
фото: melomen entertaiment

Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильміне қазақ және орыс тілдерінде дубляж жасалды.

Қазақша нұсқада кейіпкерлерді сөйлеткен жұлдыздар: актриса және әнші Сабира ЖарасқызыДжуди Хоппстың дауысы, театр және кино актёры Бақытжан Әлпейіс – Милтон Рыcевичтің дауысы, театр және кино актёры Асан Мәжит – Бого Басекенің (Капитан Буйволсон) дауысы, театр және кино актёры Еркебұлан Дайыров – Дәу Мырзаның (Мистер Биг) дауысын салды.

фото: melomen entertaiment

Ал фильмнің орыс тіліндегі нұсқасында танымал блогер Артур Асқарұлы – Мэр Ржевальскийдің дауысын, актриса, әнші және КВН Жоғарғы лигасының чемпионы Гүлнар Селбаева – Барашкистің дауысын дыбыстаған.

Дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев Когтяузерді (Клаухаузер) фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын өзі дыбыстаған.

Еске сала кетейік, «Аңдар шаһары 2» мультфильмі 27 қарашадан бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз