Қазақ аруы атанған Дәрия Қуатжан жеке өмірі жайлы айтты

Жарияланды 28 Қараша 2025 16:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

2025 жылғы «Қазақ аруы» атағын жеңіп алған Дәрия Қуатжан жеке өмірі туралы сұраққа жауап берді. Ару блогер Лаура Лесбекке берген сұхбатында жүрегі бос еместігін жасырмай, сүйіктісі кім екенін ашып айтпайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Дәрия мансап пен жеке өмірді үйлестіру мүмкін екенін айтты. Өзінің таңдаған ер-азаматынан ешқандай қысым көргісі келмейтінін жеткізді:

«Менің таңдаған ер-азаматым ондай таңдауды маған қоймауы керек», – деді ару.

Еске сала кетейік, 13 қараша күні Талдықорған қаласының тумасы Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен «Қазақ аруы 2025» байқауында жеңімпаз атанды. Жеңімпазға BM Production компаниясы Парижге екі адамға жолдама берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз