
Желіде жаңа белсенділігімен көзге түсе бастаған белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады.
ТикТок-та Тұрсынбектің алдағы концертке дайындығын көрсететін видеоны жариялаған. Айман осы роликте өзінің кадр сыртындағы дауысы естілгенін атап өтті. Бұл жайт жұртшылықтың назарын бірден аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Көп ұзамай Айман тағы бір видео бөлісіп, онда шаш үлгісін жасап жатқан жеке стилисін таныстырды. Жазбада көпшілікті одан сайын қызықтырған мәлімдеме жасады.
«Ал енді менің кадр сыртындағы дауысымды естідіңіздер. Дайын болыңыздар, мен де жақында сұхбат беретін боламын», – деді Айман.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқаны туралы айтып, сұхбат берген еді.