
Жетісу облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде ерекше креативті жазба жариялады. Бұл жолы ведомство жасанды интеллекттің көмегімен «Аңдар шаһары» (Zootopia) мультфильмінің кейіпкерлерін полиция қызметінің күнделікті жұмысына «қатыстырды».
Жарияланған контентте мульткейіпкерлер полиция формасын киіп, қызметтік құрал-жабдықтармен танысып, жедел басқару орталығы мен арнайы бөлімшенің жұмысына куә болғандай көрінеді. Бұл ролик пен суреттер полиция қызметінің қалай ұйымдастырылатынын жеңіл әрі қызықты форматта көрсетуді мақсат еткен.
Айта кетейік, бұл материал толығымен ЖИ технологиясы арқылы жасалған және ойын-сауықтық, танымдық мақсатта жарияланған.
«Аңдар шаһары 2» мультфильмі кинопрокатта бұрын-соңды болмаған рекорд орнатқан еді.