Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас
Жиырма жылға жуық уақыттан бері Франция мен Қазақстан өзара сенімге, құрметке және ортақ ұмтылысқа негізделген серіктестікті дамытып келеді. 2008 жылы стратегиялық серіктестік орнағаннан бері арамыздағы диалог тұрақты түрде тереңдей түсті. Соңғысы 23-ші қыркүйекте Нью-Йоркте өткен екі мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі кездесулер бұл ортақ ұстанымды тағы да растайды және жыл өткен сайын нығая түсетін қарым-қатынастың айқын айғағы.
Біздің экономикалық байланыстарымыз бұл серіктестіктің беріктігін айқын көрсетеді. Франция Қазақстанның экономикалық әлеуетін ең алғашқы болып мойындаған еуропалық елдердің бірі, ал былтыр екіжақты тауар айналымы 5 миллиард еуроға жуықтап, Францияны Қазақстанның ең ірі бес экономикалық әріптестерінің қатарына қосты. Сонымен қатар, Франция Қазақстанның жетекші шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштер француз компанияларының Қазақстанның тұрақты әрі ұзағынан дамуына деген сенімін және елдің Орталық Азияның экономикалық сәулетіндегі маңызды рөлін дәлелдейді.
Францияның Қазақстандағы экономикалық әрекеті ашықтық, болжамдылық және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Біздің мақсатымыз тек сауда қатынастарын дамыту ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне және оның өнеркәсіптік базасының өсуіне ықпал ететін берік те әділетті серіктестік орнату. Бұл – нәтижеге, ұлттық басымдықтарды сақтануға және ұзақ мерзімді өркендеуге ашық және теңдестірілген ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болатын сенімге сүйенетін ынтымақтастық.
Қазақстанның Еуропа үшін маңыздылығы және Францияның оның экономикалық трансформациясын қолдау жөніндегі міндеттемесі
Қазақстан өнеркәсіп, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, көлік және энергетикалық ауысым сияқты салаларда экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту қарқынын күшейтіп жатқан кезде, Франция бұл бастамаларды құптайды және Қазақстанның басымдықтарына сай келетін бағыттарда өз тәжірибесімен сенімді әрі белсенді серіктес ретінде үлес қосуға дайын. Тұрақты, өркендеген және жан-жақты байланыстар орнатқан Қазақстан Еуропа үшін аса маңызды, себебі Еуропа Қазақстанның өңірлік хаб және экспорттаушы ретіндегі рөлін, сондай-ақ Еуропа мен Азияны жалғап тұрған негізгі көпір ретіндегі маңызын мойындайды.
Франция Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға және жергілікті қосымша құнды арттыруға бағытталған салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде. Алдағы уақытта денсаулық сақтау, биотехнология және тұрақты ауыл шаруашылығы сияқты салалар екі елге бірдей тиімді инновациялық әріптестіктер құруға кең мүмкіндіктер ашып, үлкен әлеуетке ие екендігін көрсетуде.
AFD – Қазақстанның басымдықтарын іске асырудағы француздық негізгі серіктесі
2024 жылы Астанада Францияның Даму агенттігінің (AFD) өкілдігін ашу маңызды алға басу болды. AFD Қазақстанның даму басымдықтарына толық сәйкестікпен жұмыс істейді және шартсыз қаржыландыруды ұсынады. Оның жұмысы орнықты қалалық даму, пайдалы қазбаларды тұрақты өндіру, климаттың өзгеруіне бейімделу, су мен санитария, қоғамдық қызметтер және денсаулық сақтау жүйелері сияқты салаларға бағытталған. Осы жобалар арқылы Франция Қазақстан өңірлерінде ұзақ мерзімді әрі инклюзивті дамуға ықпал етуді көздейді.
Бірлескен экономикалық комиссияның 16-шы мәжілісінің сәтті өтуі
5 желтоқсанда Парижде министр Нағаспевтің тең төрағалығымен өткен Франция мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысы біздің конструктивті диалогымыздың өзектілігі мен тиімділігін тағы да айқын көрсетті. Көп жылдан бері елдеріміз тиімді қолданылып келе жатқан бұл формат ортақ мүддеге сай жаңа жобаларды іске асыру үшін тұрақты негіз болып табылады. Соңғы отырыс барысында айтарлықтай маңызды нәтижелерге қол жеткізді, оның ішінде Air Astana компаниясының 25 Airbus ұшағын сатып алуын растау және жаңартылатын энергия саласындағы ірі жетістіктер және TotalEnergies басқаратын Мирный жел электр станциясы үшін ірі келісімшарттарға қол қою болды. Үкіметаралық комиссия су және кәріз жүйелері, жылу жүйелері, смарт-қала шешімдері және академиялық даярлық салаларындағы жаңа жетістіктерге де куә болды.
Биыл іске қосылған немесе мақұлданған әр жоба, Мирныйдағы жел электр станциясы, Талдықорғанда «ақылды қала» шешімдері болсын немесе француз және қазақстандық университеттер арасындағы білім беру саласындағы әріптестік болсын, барлығы жергілікті халыққа нақты пайда әкелуді мақсат етеді. Бұл бастамалар өңірлік дамуды қолдайды, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді және Қазақстанның жоғары қосылған құнды тауарлар мен қызметтер өндіру әлеуетін арттыруға ықпал етеді, соның арқасында елдің экспорттық мүмкіндігі кеңейеді. Мысалы, Alstom және Airbus Helicopters компанияларының Астанадағы зауыттары Орталық Азиядағы теңдесі жоқ өндіріс орындары болып, өңірге жоғары технологиялық жабдық жеткізе алады. Міне, осындай ынтымақтастық көзқарас біздің мақсатымыздың бір екенін айқындайды, ол – Қазақстанның ұлттық басымдықтарына сай елдің бүкіл аумағында тұрақты мүмкіндіктер жасау.