Алтын бағасы 4 517 доллардан жоғары көтерілді (инфографика)

Жарияланды 26 Желтоқсан 2025 14:07

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
алтын золото gold
Алтын қымбаттап жатыр / фото: shutterstock

Алтынның дәл қазіргі сәттегі өзекті бағасы көтеріліп жатыр. Астана уақытымен сағат 14:00-дағы нәтиже бойынша алтынның бір унциясы 4 517,34 доллар тұрады. Күміс те қымбаттады.

Алтын бағасы бір аптаның ішінде шамамен 200 долларға қымбаттады. Мәселен, 19 желтоқсанда қымбат металдың бір унциясы шамамен 4 320 долларға бағаланған. Жеті күннің ішінде алтын құны үздіксіз көтеріліп келеді.

Алтынның қымбаттауына әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы да әсер етті. Соның ішінде АҚШ пен Венесуэла арасындағы жанжалды ерекше атап өту керек. Инвесторлар активін сақтап қалу үшін тағы да алтынға жүгінуге мәжбүр болды.

Бұл уақытта, алтынмен бірге, күміс те қымбаттады. Қазір ол 74,9 доллар тұрады. Бұл – тарихи рекорд.

Қазақстандағы алтын бағасын Ұлттық банк (ҰБ) анықтайды. Қазір алтынның 1 грамм алтын 73 875,95 теңге тұрады. Алтын алты күннің ішінде 2 522 теңгеге қымбаттады.

Ұлттық банктің алтын бағасы (1 грамм, теңге)

2025 жыл, желтоқсан

Күні Бағасы (теңге) Күндік өзгеріс
2025-12-19 71 354.01 ₸
2025-12-22 72 024.09 ₸ +670.08 ₸
2025-12-23 72 957.43 ₸ +933.34 ₸
2025-12-24 73 514.30 ₸ +556.87 ₸
2025-12-25 73 615.20 ₸ +100.90 ₸
2025-12-26 73 875.95 ₸ +260.75 ₸
19–26 желтоқсан аралығындағы жалпы өсім:
+2 521.94 теңге (+3.53%)

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Соңғы жаңарту: 26.12.2025

Сондай-ақ оқыңыз