Нұрай Мықты – The Voice Қазақстан жобасының жеңімпазы атанды

Жарияланды 28 Желтоқсан 2025 11:50

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қазақстандағы ең танымал музыкалық жобалардың бірі – The Voice Қазақстан өз мәресіне жетіп, елдің жаңа дауысын анықтады. Тәлімгерлер мен көрермендердің таңдауы бойынша финалға шыққан төрт қатысушының арасынан қарағандылық Нұрай Мықты топ жарып, жобаның жеңімпазы атанды.

Байқау барысында Нұрай Мықты көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жоғары дауыс жинап, әр кезеңде сенімді өнер көрсетті.

Талантты әншіге байқау бойы қолдау білдіріп, тәлімгерлік еткен қазақстандық эстраданың аңызы, Байғали Серкебаев. Тәжірибелі музыканттың жетекшілігі Нұрайдың шығармашылық әлеуетін ашып, финалға дейін сүрінбей жетуіне ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыз