«Аңдар шаһары 3» қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланды 30 Желтоқсан 2025 10:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Зверополис 2»
Фото: kursiv.media архиві

«Аңдар шаһары» анимациялық франшизасының үшінші бөлімі ресми түрде өндіріс кезеңіне өтті. Жобаның режиссерлері Джаред Буш пен Байрон Ховард «Аңдар шаһары 3» фильміне қатысты жұмыстар басталғанын растады.

Қазіргі уақытта шығармашылық топ болашақ фильмнің идеялары мен сюжеттік бағытын талқылап жатыр. Джаред Буштың айтуынша, концепцияны толық қалыптастыруға шамамен 2–3 жыл уақыт қажет. Осыдан кейін ғана негізгі өндіріс кезеңі басталады. Осыған байланысты «Аңдар шаһары 3» мультфильмі 2030 жылдан ерте жарыққа шықпайды деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, «Аңдар шаһары» фильмі әлемдік прокатта 1 млрд доллардан астам табыс жинап, Disney студиясының ең табысты анимациялық жобаларының біріне айналған еді.

Сондай-ақ оқыңыз