Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті

Жарияланды 9 Қаңтар 2026 18:30

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Ольга Рыпакова
Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметінен кетті / Фото: Olympic.kz

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясында кадрлық өзгерістер болды. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Федерация президенті қызметінен кетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Айта кетейік, қызметінен кеткен Рыпакова федерацияның құрметті президенті болып сайланды. Ақпаратқа сүйенсек, бұл шешім халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуға және халықаралық жеңіл атлетика федерациясының мүшесі ретінде шетелдік мамандармен тығыз ынтымақтастыққа байланысты қабылданды.

Федерацияның жаңа президенті болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды.

Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл спорт түрімен жүйелі түрде 360 мыңнан астам адам айналысады.

Өткен жылдың қараша айында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасына жаңа жаттықтырушы-кеңесші тағайындалды. Енді қазақстандық жеңіл атлеттерді украиналық маман Александр Апайчев жаттықтыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыз