
41 жастағы футболшы Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасынан өз бетінше шығып кеткені үшін құрамадан 30 күнге шеттетіліп, 255 еуро айыппұл арқалады. Бұл туралы испандық AS басылымы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Оқиға қыркүйек айының соңында бастау алған еді. Роналду Норвегияға қарсы өткен матчта қосалқы құрамда қалып қойған. Футболшының айтуынша, бас бапкер Жорже Жезуш оны алаңға шығаруға уәде бергенімен, сөзінде тұрмаған.
Бапкермен келіспеушіліктен кейін Роналду 30 қыркүйекте, Ұлттар лигасы аясында Данияға қарсы өтетін ойынның қарсаңында, Копенгагендегі құрама лагерінен өз бетінше кетеді.
Кейінірек футболшы командаластары мен жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ ол кез келген жазаны қабылдауға дайын екенін және Португалия құрамасы үшін ары қарай да өнер көрсеткісі келетінін мәлімдеді.
10 қазанда Португалия футбол федерациясы Роналдуды уақытша шеттетіп, тәртіптік зерттеу бастаған болатын. Енді БАҚ мәліметінше, оған 30 күндік дисквалификация мен айыппұл түріндегі жаза кесілді.
Айта кетейік, бұл шектеу тек ұлттық құрамадағы ойындарға қатысты. Ал Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубындағы өнерін одан әрі жалғастыра береді.
Бұған дейін Роналду Португалия құрамасынан неге кеткенін айтып берген еді.