
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман өнер саласындағы қызметі туралы мәлімдеді. Instagram парақшасында режиссер және педагог-хореограф мамандықтары бойынша екі бірдей дипломы бар екенін жазды.
Сондай-ақ театрда балет әртісі ретінде жұмыс істегенін жеткізді. Қазіргі таңда ірі жобалар мен концерттерді ұйымдастырумен айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін әзілкештің әйелі желіде өзін қаралағандарды сотқа берген еді.