
15 қаңтарда Rustem Omarov YouTube-арнасында, қазақстандық танымал «Алаяқтар» сериалының екінші маусымы жарық көрді.
Қылмыскер Дамирдің шытырман оқиғаларына құрылған хикая бұл жолы Түркиядан басталады. Басты кейіпкер ТМД елдерінің тұрғындарына түрік жылжымайтын мүлкін сатуға қатысты ауқымды алаяқтық схеманы іске асырып, кейін елге оралады. Қазақстанға келген соң Дамир бұрынғы сенімді серіктерін қайта жинап, жаңа «жобаларға» кіріседі. Команда құрамында бірінші маусымнан көрерменге жақсы таныс кейіпкерлер де бар.
Екінші маусымда қазіргі уақытта шынайы қылмыскерлер қолданатын өзекті алаяқтық тәсілдерін көрсетіледі. Олардың қатарында цифрлық технологияларға, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалануға негізделген схемалар да қамтылған.
Жаңа маусымның режиссері ретінде бұрынғыдай Олжас Нұрбай жұмыс істеді. Жобаның авторлары бұл сериалды тек қызықты контент ретінде емес, қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірін ашып көрсету құралы деп санайды. Көрермен алаяқтық схемаларды қылмыскерлердің көзімен көріп, олардың қалай әрекет ететінін түсіне алады.
«Алаяқтар” сериалының идея авторы, продюсері Рүстем Омаровтың айтуынша жобаның басты мақсаты – көрерменді ақпараттандыру және сақтандыру. Алаяқтардың әрекет ету тәсілдерін ашық көрсету арқылы әр адамды олардың құрбаны болудан қорғау көзделген.
Айта кетейік, сериалдың екінші маусымы Дамирдің оқиғасымен аяқталмайды. Сериалдың нүктесін көктемде кинопрокатқа шығатын толықметражды фильм қояды.