Қайрат Нұртастың қызы киноға түспек

Жарияланды 20 Қаңтар 2026 13:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Алауға қатысты қуанышты жаңалығын айтты.

Актрисаның айтуынша, Алау алғаш рет кино саласындағы басты рөлдердің біріне бекітілді. Қазақстандағы кәсіби актерлермен бірге үлкен киножобаға шақырту алған.

«Алаудың болашақтағы арманына қарай аз-аздап қадам жасап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Енді міне, үлкен картинаға шақырту алды. Мұны таптырмас тәжірибе деп қабылдап отырмын. Қазір Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын, бұйырса Алматыға ұшады. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде ойнайды. Фильм осы көктемде үлкен экранға шығады», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Алау да бұл жаңалыққа қатысты толқынысын жасырмады.

«Қолдауыңызға рахмет, мама. Қазір аздап уайымдап жүрмін. Бұл – менің алғашқы үлкен жобам. Қобалжу бар», – деді ол.

Ал актриса ана ретінде қызына әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.

«Ана болған соң, қызым үшін әрдайым алаңдап отырамын. Бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету – менің міндетім. Балаларымның барлық бастамасына дайынмын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниеттемін», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас үлкен қызы Сезімнің кәмілет жасқа толғанын отбасымен бірге Мальдив аралдарында атап өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз