Жігер Ауыпбаевтың жаңа туындысы мен образы тыңдарман талқысына түсті

Жарияланды 21 Қаңтар 2026 14:50

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: Жігер Ауыпбаевтың инстаграм парақшасынан

Әнші Жігер Ауыпбаев «Кішкентай қыз» әтті жаңа әнін жарыққа шығарып, бейнебаяннан үзіндіні әлеуметтік желідегі парақшасына салды. Жақында әнші өзінен 15 жас кіші қызға үйленген еді. Жігердің сүйіктісіне арнаған әнін Threads қолданушылары педофилдердің әніне теңеп, сынады.     

Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасына бейнебаян үзіндісін салып, видеоға «Өзгенің сөзіне қарап үйленбей жүре бергенше, өз жүрегімді тыңдап, ТЕКЕ сасымай ертерек үйленген дұрыс сияқты» деген жазуды қосқан. Ал жазбаның сипаттамасына «Сүрленген бойдақтардан ұл жолдас іздеймін» депті. Әншінің мойнында желбірі бар қызыл жейде киген образын көпшілік ұната қоймаған сыңайлы. Посттың соңына жазылған пікірлердің дені «Істеп жатқан мынау, оған неге мен ұялып тұрмын», «үлкен апа деп ойлап қалдым ғой бір көргенде», «Қызыл раушан деген әнді айтатын әншінің дәу варианты екен», «Өлә, менің математикадан сабақ беретін апайымнан аумай қалыпты. Ол кісі де осындай жуан, шашы қысқа, бұйра болатын. Дәл осындай блузкасы болатын», «Стилистіңізді жұмыстан шығара салыңыз» деп жазып жатыр.

Ал енді әннің өзіне қатысты пікірлердің ішінде көбі «Кішкентай қыз» дегенге шүйлігіп, педофилияны қолдау деп жатыр. «Жиіркеніштісін-ай, өлеңі де, қылықтары да, тіке мағынада айтқанда кішкентай қызбен жүріп кеткені!», «Педофилдер туралы қандай қандай ән мынау! Мейкап, желбір жейде, гейлердікіндей қимылдар мен өзіне тамсануы ерсі әрі күлкілі көрінеді», «Кіп кішкентай қыз? Сіз педофилсіз бе?» деген сарында жазылған пікір көп.

Әншінің бірінші некесінен төрт баласы бар. Екінші рет ол өзінен 15 жас кіші Мумина есімді қызға үйленгенін жазған еді. Жаңа әнін жұбайына алғаш тыңдатқанда жылатып алғанын да желіге видео түрінде салған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз