
Әнші Жігер Ауыпбаев «Кішкентай қыз» атты жаңа әніне бейнебаян шығарды. Туынды желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі әннің мәтіні мен бейнебаян мазмұнын талқылай отырып, орындаушының бұл туындыны өзінен 15 жас кіші қызға арнағанын алға тартты. Осы жайт желіде қызу пікірталасқа себеп болды. Кейбірі «махаббат жасқа қарамайды» деп қабылдаса, енді бірі сын көзбен қарап жатыр.
Еске сала кетейік, жақында әнші өзінен 15 жас кіші қызға үйленген еді.