
Қымыз Ресей тұрғындарының сүйікті сусынына айналды. 2025 жылы федерацияға 1,38 млн литр бие сүті сатылған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 64,75%-ға көп. Бұл туралы Kursiv.Media Коммерсантъ мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Айран одан да көп сатылып жатыр. Былтыр ресейліктер 35,4 млн литр айран, 23,5 млн литр тан сатып алған.
Ресейлік диетолог Владимир Сударев сұраныстың артуын халықтың дәруменге бай табиғи сусындарға көбірек қызыға бастағанымен түсіндіріп отыр. Оның айтуынша, қышқыл сусындарда бифидо- және лактобактериялар бар. Олар ас қорытуды жылдамдатады.
Сонымен бірге, дәрігердің айтуынша, қымыз бен айран В дәрумені мен түрлі минералдарға (кальций, фосфор және басқа да микроэлементтер) бай. Олар сүйекті нығайтады.
Кейінгі жылдары ресейліктер Орталық Азияның Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан секілді елдеріне жиі саяхаттайтын болған. Сударев тұрғындардың осы елдердің мәдениеті мен дәм-суына көбірек қызыға бастағанын айтып отыр.