Тарихи рекорд: 1 грамм алтын бағасы алғаш рет 85 мың теңгеден асты

Жарияланды 29 Қаңтар 2026 13:04

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
алтын құймасы және Қазақстан туы
Бес жыл бұрын алтынның бір грамы шамамен 24 мың теңге тұрды / фото: shutterstock

Ұлттық банк 29 қаңтарда алтын бағасын тағы 3 340 теңгеге көтерді. Осылайша бір грамм алтынның ресми бағасы 85 504 теңге болды. Бұл – тарихи рекорд.

Бес жылда үш есе қымбаттады

Бұл уақытта әлем нарығында алтынның бір унциясы 5,5 мың доллардан асып кетті. Қазір құнды металл 5 549 доллардан саудаланып жатыр. Алтын құны бір тәулікте шамамен 245 долларға, яғни 4.60%-ға көтерілді.

Күміс те қымбаттап жатыр. Қазір оның бір унциясы 118 доллар тұрады.

Әлемдегі бағаны ескерген Ұлттық банк те бір грамм алтын құнын бір айда шамамен 15 мың теңге көтерді.

Салыстырар болсақ, ҰБ 2025 жылғы қаңтарда шамамен 44 мың теңгеге бағаласа, ал 2021 жылы 24 мың теңгеден сатқан. Бес жылдың ішінде алтын шамамен 3,4 есеге қымбаттап отыр.

Алтын неге қымбаттады

Түрлі-түсті металл құнының көтеруіне бірнеше жайт түрткі болды. Таяу Шығыс пен Украинадағы жанжал, сонымен бірге Дональд Трамп әкімшілігінің әрекеттері инвесторларға алтынды көптеп сатып алуға мәжбүрлеп отыр. Сонымен бірге, олар доллар мен құнды қағаздар активтерін азайтып, алтынға иек артады.

Сондай-ақ оқыңыз