iPhone 16 – әлемде ең көп сатылған смартфон

Жарияланды 30 Қаңтар 2026 17:36

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Қазақстандықтар арасында да iPhone 16 моделіне сұраныс жоғары / Фото: kursiv.media архиві

Counterpoint Research аналитикалық компаниясы 2025 жылы ең көп сатылған смартфондар рейтингін жариялады. Әлемдік нарықта iPhone 16 көшбасшы атанды. Ал ең танымал он модельдің жиынтық үлесі жаһандық сатылымның шамамен 19%-ына жеткен.

Үздік ондықта Apple-дің жеті моделі, ал Samsung-тің үш моделі кірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл екі өндірушінің жаппай нарықтағы үстемдігі төртінші жыл қатарынан сақталып отыр.

iPhone 17 саудасы қызып тұр

Сарапшылар iPhone 17 желісіне сұраныстың жоғары болғанын атап өтті. Сатылым басталғаннан кейінгі алғашқы тоқсанда оның сатылымы алдыңғы буынмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Негізгі үлесті iPhone 17-нің базалық нұсқасы, сондай-ақ Apple экожүйесіне «кіру нүктесіне» айналған iPhone 16e қосты. Бұл модельдер АҚШ пен Жапония нарықтарында жақсы нәтиже көрсетті.

Рейтингте бірінші орыннан үшінші орынға дейін iPhone 16, iPhone 16 Pro Max және iPhone 16 Pro орналасқан. Одан кейінгі орындарда iPhone 17 Pro Max, Samsung Galaxy A16 5G, Galaxy A06 4G, iPhone 17, iPhone 15, Galaxy S25 Ultra және iPhone 16e бар.

Samsung-тың қай моделіне сұраныс жоғары

Android жүйесіндегі смартфондар арасында 2025 жылы әлемде ең көп сатылғаны Samsung Galaxy A16 5G болды. Сарапшылар оның табысын баға мен техникалық сипаттамалардың теңгерімді үйлесімімен түсіндіреді. Сондай-ақ үздік ондыққа Samsung Galaxy S25 Ultra флагманы да енді.

2025 жылдың үшінші тоқсанында да  iPhone 16 әлемдегі ең көп сатылған смартфон атанған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз