«Құшақташы мама» фильмінің кассалық табысы 1 млрд теңгеден асты

Жарияланды 4 Ақпан 2026 15:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Құшақташы мама
фото: скрин

Отандық «Құшақташы мама» фильмі 2026 жылы бір миллиард теңге кассалық табыс жинаған алғашқы кино атанды. Бұл туралы фильмнің продюсері әрі актер Мақсат Рақмет мәлімдеді.

Бұған дейін фильм прокатқа шыққан алғашқы аптасында-ақ 265 389 696 теңге табыс тапқанын жазған едік. Ал үш апта ішінде картина табысы 1 млрд теңгеден асты.

Фильм қазіргі таңда да кинотеатрларда көрсетіліп жатыр, сондықтан көрермендер оны үлкен экраннан тамашалап үлгере алады.

Айта кетейік, бұған дейін «Құшақташы мама» фильмінің тұсаукесері кезінде актер Мақсат Рақмет өнердегі анасы, актриса Гүлжамал Қазақбаеваға Умра қажылығына жолдама сыйлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз