Ораза 2026: Орал қаласы бойынша намаз уақыты

Жарияланды 6 Ақпан 2026 15:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: shutterstock

2026 жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Орал қаласы үшін сәресі мен ауызашар уақыттары Muftyat.kz сайтында жарияланған ресми кесте негізінде белгіленеді.

Ал мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Рамазан 2026 – Орал
Күн Апта Ай-күн Сәресі Шығу Бесін Екінті Ауызашар Құптан
1 Бейсенбі 19 ақпан 7:09 8:35 13:53 17:11 19:02 20:29
2 Жұма 20 ақпан 7:07 8:33 13:53 17:13 19:04 20:31
3 Сенбі 21 ақпан 7:05 8:31 13:53 17:15 19:06 20:32
4 Жексенбі 22 ақпан 7:03 8:29 13:53 17:16 19:08 20:34
5 Дүйсенбі 23 ақпан 7:01 8:27 13:53 17:18 19:09 20:36
6 Сейсенбі 24 ақпан 6:59 8:25 13:53 17:19 19:11 20:37
7 Сәрсенбі 25 ақпан 6:57 8:23 13:53 17:21 19:13 20:39
8 Бейсенбі 26 ақпан 6:55 8:21 13:52 17:23 19:15 20:41
9 Жұма 27 ақпан 6:53 8:19 13:52 17:24 19:16 20:42
10 Сенбі 28 ақпан 6:51 8:17 13:52 17:26 19:18 20:44
11 Жексенбі 1 наурыз 6:49 8:15 13:52 17:27 19:20 20:46
12 Дүйсенбі 2 наурыз 6:47 8:13 13:52 17:29 19:22 20:47
13 Сейсенбі 3 наурыз 6:45 8:11 13:51 17:30 19:23 20:49
14 Сәрсенбі 4 наурыз 6:43 8:08 13:51 17:32 19:25 20:51
15 Бейсенбі 5 наурыз 6:40 8:06 13:51 17:33 19:27 20:53
16 Жұма 6 наурыз 6:38 8:04 13:51 17:35 19:29 20:54
17 Сенбі 7 наурыз 6:36 8:02 13:51 17:36 19:30 20:56
18 Жексенбі 8 наурыз 6:34 8:00 13:51 17:38 19:32 20:58
19 Дүйсенбі 9 наурыз 6:32 7:57 13:50 17:39 19:34 21:00
20 Сейсенбі 10 наурыз 6:29 7:55 13:50 17:41 19:35 21:01
21 Сәрсенбі 11 наурыз 6:27 7:53 13:50 17:42 19:37 21:03
22 Бейсенбі 12 наурыз 6:25 7:51 13:49 17:44 19:39 21:05
23 Жұма 13 наурыз 6:22 7:49 13:49 17:45 19:40 21:07
24 Сенбі 14 наурыз 6:20 7:46 13:49 17:46 19:42 21:09
25 Жексенбі 15 наурыз 6:18 7:44 13:48 17:48 19:44 21:10
26 Дүйсенбі 16 наурыз 6:15 7:42 13:48 17:49 19:46 21:12
27 Сейсенбі 17 наурыз 6:13 7:40 13:48 17:50 19:47 21:14
28 Сәрсенбі 18 наурыз 6:11 7:37 13:48 17:52 19:49 21:16
29 Бейсенбі 19 наурыз 6:08 7:35 13:47 17:53 19:51 21:18
Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн
Ораза айт – 20 наурыз

Ауызашарда оқылатын дұға

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

Сәресіде айтылатын дұға

«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә»

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Бұған дейін, қарыз оразаны қалай үстау керектігін жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз