
Продюсер Мөлдір Мұқан желіде тағы бір жаңа туындысының үзіндісін жариялады.
Ол бұл жаңалықты оқырмандарына бөлісіп, толық нұсқасын өзі де күтіп жүргенін айтты.
«Өмір сүр, қалма елден! Жаңа ән. Толық нұсқасын өзім де күтіп жүрмін» – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жаңа туындыны жылы қабылдап, әншіге қолдау білдіріп, жағымды пікірлерін жаудырып жатыр.