Дарынды матрос әскери бөлім қабырғаларын тарихи суретке толтырды

Жарияланды 8 Ақпан 2026 10:58

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
суретші сарбаз Бақдәулет Күздібаев
Сарбаз батырлар мен хандардың суретін салғанды ұнатады / фото: gov.kz

Ақтау гарнизонында қызмет етіп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери бөлім қабырғаларын батырлар мен хандардың суретіне толтырды. Батальон командирлері сарбаз туындыларын жоғары бағалады.

Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында борышын өтеп жүрген Бақдәулет сурет салуды бала кезден ұнатады. Арнайы білімі жоқ, бірақ оның шығармалары асқар шеберлікпен дайындалған.

Төрт ай бұрын Атыраудан Әскери-теңіз күштерінің қатарына шақырылған ол қазір механик-жүргізуші лауазымында қызмет атқарып жүр.

суретші сарбаз Бақдәулет Күздібаев туындысы
Бақдәулет Күздібаев салған суреттер / фото: gov.kz

Батальон командирлері де оның сурет салу әуестігін қолдаған. Бақдәулет қызметтен бос уақытта сурет салады. Матростың айтуынша, басты мақсаты — туған әскери бөлімінде игі із қалдырып, өзінен кейін келетін әскери қызметшілердің ұлттық тарихтың батырларын танып, құрметтеуіне үлес қосу.

Күздібаев белгілі батырлар мен хандардың бейнесін қамтыған бірқатар ауқымды туындыларды дүниеге әкелді. Сонымен бірге ол аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған жеке туынды да салды.

Бұған дейін Kursiv.Media қазақ әндерін нақышына келтіріп орындайтын ефрейтор Александр TikTok жұлдызына айналғаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз