Астанадан Батумиге тікелей әуе рейсі ашылады

Жарияланды 9 Ақпан 2026 12:15

Нұрән Әділет

Нұрән Әділет

BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

FlyArystan компаниясы жаз айларында Астана мен Батуми арасында рейс ашылатынын мәлімдеді. Рейстер 2 маусымнан 29 тамызға дейін болады.

Ұшу кестесіне сәйкес, сейсенбі күні Астанадан рейс 05:45-те, сенбі күні 06:50-де аттанады. Батуми қаласынан кері ұшақтар тиісінше 10:00 және 11:00-де ұшады. Билет бағасы 68 мың теңгеден басталады.

Батуми FlyArystan-ның Грузиядағы екінші бағыты болады. Компания Кутаиси қаласына да тұрақты рейстер орындайды. Сонымен қатар 2026 жылы әуе тасымалдаушы Алматыдан Самарқанд пен Тамчыға (Ыстықкөл), Ақтаудан Бакуге, сондай-ақ Алматы мен Астанадан Аланияға (Газипаша) маусымдық рейстерді қайта іске қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Грузияға баратын барлық туристерде міндетті түрде жарамды медициналық сақтандыру болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз