«Көкжиектен асқан үн»: Димаштың жаңа жобасын қайдан көруге болады

Жарияланды 10 Ақпан 2026 09:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш Кудайберген, Dimash Qudaibergen
Димаш Кудайберген Фото: Dimashnews.kz

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық музыкалық жоба ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартады.

«Көкжиектен асқан үн» атты жоба – түрлі елден жиналған үздік вокалистер бас қосқан халықаралық музыкалық шоу. Көрермен әлемнің алты елінен келген сегіз талантты орындаушының өнерін тамашалай алады.

Бағдарламаның тұсаукесер шығарылымы 14 ақпан күні сағат 21:20-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұл жобаны Қытайда 102 млн адам көріп, рекорд орнатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз