
Ұлттық банк, теңге бағамын ыңғайлы деңгейде ұстау және инфляцияны бақылау мақсатында, 2026 жылы 9 млрд доллар жұмсауды көздеп отыр. Осындай мәлімет ҰБ төрағасы Тимур Сүйлейменовтің сейсенбідегі үкімет отырысында жасаған баяндамасы кезінде қолданған инфографикада бар.
Интервенцияға 9 млрд доллар
Ұлттық банктің 2026 жылға арналған жоспарына қатысты слайдында алтынды сатып алу арқылы жүзеге асатын «айналау» операцияларына 9 млрд долларға дейін қаражат жұмсалатыны айтылған.
«Біз қажет болған кезде валюта интервенциясы секілді шұғыл шаралар қабылдауға дайынбыз. Алтын-валюта резервтері жеткілікті», – деп мәлімдеді Сүлейменов президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген жиналыста.
Бұл нені білдіреді?
Ұлттық банк отандық өндірушілерден алтынды теңгемен сатып алады. Соған байланысты нарықта теңге көбейіп, инфляция қаупі артып, ұлттық валюта әлсіреуі мүмкін. Сондықтан ҰБ бірден сол сомадағы долларды нарықта сатады, яғни «айналау» операциясын жүргізеді.
Соның нәтижесінде алтын қоры өзгермейді: алтын қосылып, доллар азаяды, яғни тепе-теңдік сақталады. Басы артық теңге нарықтан шығарылған соң теңге бағамы тұрақталады.
Үкімет биыл осы мақсатқа 9 млрд доллар жұмсалуы мүмкін деп жоспарлап отыр. Оның көлемі әлемдегі алтын бағасына да тікелей байланысты болады.
2025 жылы интервенцияның бір түрі – «айналау» операциясы арқылы 7 млрд доллар сатылған. Бірақ биыл алтын бағасы жоғары болып тұр. Оның үстіне Қазақстанда алтын өндірісі ұлғаюы мүмкін. Соған байланысты ҰБ интервенцияға қажетті соманы артығымен көрсетіп отыр.