Үкімет отырысы өткен күні ұлттық валюта нығайды

Жарияланды 10 Ақпан 2026 16:00

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
Ұлттық банк теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін биыл 9 млрд доллар жұмсайды / фото: Серікжан Қобыланбаев

10 ақпанда, Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен күні, Қазақстан қор биржасында (KASE) ұлттық валюта нығайды.

KASE-де сейсенбі күні сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша 1 доллар 491,88 теңге болды. Осылайша ұлттық валюта бір тәулікте 2,64 теңгеге нығайды.

Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Жиналыста Ұлттық банк 2026 жылы теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін 9 млрд доллар жұмсалатыны мәлім болды.

Теңге ақпан айында айтарлықтай нығайды. Ұлттық валюта осы айда шамамен 20 теңгеге күшейді. Былтыр қыркүйекте доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілген.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 доллар 492 теңгеден қабылданып, 493,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 490 және 497 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз