Инфрақұрылым эволюциясы: Freedom сервистік экожүйеге қалай трансформацияланып жатыр

Жарияланды 11 Ақпан 2026 09:00

Александр Воротилов

Александр Воротилов

Сергей Домнин

Сергей Домнин

s.domnin@kursiv.kz
фридом холдинг
Фото: Фридом Финанс

Freedom Holding Corp. Қазақстанда ел дамуына үлес қосатын толыққанды цифрлық инфрақұрылым құруды мақсат етеді. Бұл туралы Тимур Турлов 25-29 қаңтар аралығында Кипрдің Лимассол қаласында өткен FRHC Директорлар кеңесінің саммитінде мәлімдеді.

Жаһандық корпорация ауқымы

Freedom Holding Corp. (FRHC) экожүйесіне Freedom Broker, Freedom Bank Kazakhstan, Freedom Finance Europe, сондай-ақ топтың сақтандыру, технологиялық және lifestyle-компаниялары кіреді.

Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 қаржы жылының тоғыз айындағы (31.12.2025 жылы аяқталған) түсімі $1,7 млрд-қа жуықтады. Осы кезеңдегі таза пайда шамамен $145 млн құраса, бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) $2,43 болды. Бұл көрсеткіштер бизнестің тұрақтылығын және компанияның ауқымын кеңейту аясында табыстылықты сақтай алу қабілетін көрсетеді.

Жиынтық активтер $12,4 млрд-қа жетті, ал меншікті капитал шамамен $1,4 млрд деп бағалануда. Ақшалай қаражат, олардың баламалары мен инвестициялық активтер көлемі шамамен $6,6 млрд құрап, қаржылық беріктіктің айтарлықтай қорын қалыптастырып отыр. Операциялық қызмет ірі ақша ағынын тудырады, бұл компанияға ұзақ мерзімді инвестициялар мен даму үшін еркіндік береді.

FRHC ауқымы клиенттік база арқылы айқын көрінеді: барлық бағыттар бойынша Freedom қызметтерін 7,2 млн-нан астам клиент пайдаланады, ал еншілес компанияларды есепке алғанда – 11 млн-нан астам бірегей клиент бар. Олардың ішінде 4,5 млн банк сервистерінің клиенті, 1,2 млн-ға жуық сақтандыру клиенті және 828 мың брокерлік шот бар. Цифрлық және экожүйелік сервистерді, соның ішінде SuperApp-ты пайдаланушылар саны 4 млн адамға жуықтады, бұл Freedom-ның өз клиенттерінің күнделікті қаржылық өміріне жаппай енгенін көрсетеді.

Freedom Holding Corp 21 елде жұмыс істейді. Компания акциялары NASDAQ биржасында саудаланады және Russell 3000 индексіне, сондай-ақ Motley Fool-дың Moneyball инвестициялық портфеліне кіреді. Бұл оның халықаралық капитал нарықтарындағы орнықты жағдайын растайды. Холдингтің нарықтық капитализациясы 2025 жылдың соңына қарай $10 млрд деп бағаланды.

Мұндай ауқым компанияның даму логикасын өзгертеді. Бизнес миллиардтық табысқа, көпмиллиардтық балансқа және жаппай клиенттік базаға қол жеткізгенде, жекелеген сервистердің өсуі емес, бүкіл жүйені басқару маңызды болады. Корпорацияның алдағы өсуінің маңызды шарттары – оның тұрақтылығы, архитектурасы және ел экономикасындағы рөлі.

Freedom Holding Corp Директорлар кеңесінің саммитінде Тимур Турлов айтқан жаңа стратегиялық негізге көшу дәл осы контексте бекітілді: ол өнімдер жиынтығы логикасынан Қазақстан ауқымында жасалып, басқа елдерге экспорттауға дайын сервистік цифрлық инфрақұрылым логикасына көшуді қамтиды.

Өзгерістердің үш деңгейі

Тимур Турлов компания үшін стратегия – болып жатқан өзгерістерді түсінуді үйлестіру тәсілі екенін атап өтті.

«Стратегия – әрқашан біз өмір сүріп жатқан шындыққа қайтарылған жауап. Ол кесте бойынша емес, ескі жауаптар жұмыс істеуін тоқтатқан кезде пайда болады», – деді ол Директорлар кеңесіне қарата.

Оның айтуынша, холдинг соңғы жылдары сапалы өсу кезеңін өткерген, бұл түсінудің жаңа деңгейін талап етеді.

«Біз жекелеген компаниялар жиынтығы болудан қалып, экожүйеге айналдық», – деп қадап айтты Freedom Holding Corp. басшысы.

Директорлар кеңесінің саммитіндегі сөзінде Тимур Турлов холдингтің бүгінгі даму контекстін сипаттай отырып, өзгерістердің үш деңгейін бөліп көрсетті: компания, нарық және ел.

Ішкі даму туралы айта келе, ол жылдам өсу басқаруды күрделендіретінін атап өтті.

«Біз компания ретінде соңғы уақытта қарқынды дамып келеміз. Мұндай қарқынмен өсу кезеңіне тән қиындықтардан қашу мүмкін емес», – деді Турлов.

Ол келесі кезең экожүйенің басқарылуы және тұрақтылығын арттырумен байланысты екенін жеткізді.

Нарыққа қатысты бірқатар сегменттерде дамудың орнын функциялар арасындағы жарыс басып бара жатқанына назар аударды:

«Нарықтағы кейбір компаниялардың даму шегі көріне бастады, енді көп нәрсе шынайы дамуға емес, сервистер бәйгесіне айналып барады».

Бұл ретте ол Freedom-ның ұстанымын нақтылады:

«Біз бұл бәйгеге қатысуды жоспарлап отырған жоқпыз. Біз әрқашан трендсеттер болдық және солай болып қала береміз».

Өзгерістердің үшінші деңгейі ретінде ондаған елде жұмыс істейтін холдинг басшысы Қазақстанды атады.

«Мемлекет ауқымды ішкі цифрландыруға бет бұрды және сонымен қатар терең институционалдық реформаларды бастады», – деді Тимур Турлов.

Оның пайымдауынша, бұл процестер бизнес үшін ұзақ мерзімді контекст қалыптастырады.

Тимур Турловтың FRHC директорлар кеңесінің саммитіндегі сөзінде Қазақстанның рөліне ерекше орын берілді, өйткені холдингтің қазіргі моделі дәл осы жерде қалыптасты:

«Freedom Holding-тің ДНҚ-сында америкалық бизнестің озық тәжірибелері бар, олар бізді бүгінгі деңгейге жеткізді. Бірақ сонымен бірге біз негізгі бизнесімізді құрып жатқан елдің өміріне етене араласқанбыз. Тіпті, қазір мен Қазақстансыз, еліміз ұсынған жағдайларсыз Freedom-ның қазіргідей болуы мүмкін емес екенін анық түсінемін», – деді.

Тимур Турловтың 17 мың адамнан тұратын командасына жолдаған басты жолдауы: жекелеген өнімдер деңгейінде ойлауды қойып, институттар мен сенім ортасын құру деңгейіне көшу керек. Бұл бизнесті тұрақты етіп, Қазақстанды байыта түспек.

Бизнес инфрақұрылым ретінде

Freedom жекелеген сервистер логикасынан инфрақұрылымдық модельге көшіп жатыр.

«Біз жәй ғана витрина емеспіз. Біздің логика инфрақұрылымға сүйенген. Біздің ДНҚ – тауарларды сөреге тізіп қою емес, финтех пен сенім ортасын құру, – деді Тимур Турлов Кипрдегі саммитте. – Freedom нарықты және бір-бірін қуып жететін сервистер жиынтығы болып қалады, я қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қосатын толыққанды цифрлық инфрақұрылымға айналады».

Тимур Турлов атап өткендей, кезінде дәл осы инфрақұрылым құру мен мәдениетті дамыту компанияға нарықпен бірге өсуге мүмкіндік берген. Енді бұл қағида холдинг дамуының келесі кезеңінің стратегиялық негізі ретінде бекітілді.

Жаһандық контекст

Freedom Holding Corp. бүгінде қолданып отырған модель Қазақстан мен Орталық Азия үшін бірегей болғанымен, жаһандық цифрлық экономика мен финтех саласында қалыптасқан бірнеше үрдіске толықтай сәйкес келеді. Мұндай кем дегенде төрт трендті атап өтуге болады.

Бірінші тенденция – жекелеген сервистерден цифрлық инфрақұрылымға көшу. Көптеген елдерде финтех саласы баяғыда-ақ екі деңгейге бөлінген. Бірінші деңгей – пайдаланушыға таныс өнімдер: қосымшалар, сервистер мен функциялар. Екінші деңгей – базалық инфрақұрылым: төлем жүйелері, клиенттерді сәйкестендіру, тәуекелдерді басқару, деректермен және ережелермен жұмыс. Дәл осы екінші деңгей неғұрлым тұрақты болып саналады, өйткені ол экономикаға терең енген және нақты бір өнімдерге деген сұранысқа қарамастан жұмысын жалғастыра береді.

Екінші жаһандық тенденция – embedded finance моделінің дамуы. Бұл қаржылық сервистердің қаржылық емес сценарийлерге кіріктірілуін білдіреді. Қаржылық қызметтер жеке «банкке бару» түсінігінен арылып, адамның күнделікті қажеттілігі бар жерде – қызметтерді төлеуде, сатып алуда, көлікте, оқуда немесе тұрғын үй мәселесінде пайда болады. Дүниежүзілік банктің зерттеулері мұны растайды: мұнда қаржылық қызметтердің цифрлық трансформациясы қаржы жүйесінің құрылымын өзгертетін негізгі фактор ретінде қарастырылады.

Freedom трансформациясына дәл келетін үшінші жаһандық тенденциясупераптар эволюциясы. Бұл жай ғана «бәрі бар» қосымша емес, экожүйеге кіретін біріңғай цифрлық есік. Мұндай интерфейс арқылы пайдаланушы сервистермен тұрақты байланыста болады, ал компания деректер негізінде клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады. Бұл модельде қаржы саласы «витрина» емес, байланыстырушы элемент рөлін атқарады. Мәселен, қытайлық WeChat пен Alipay өз сервистері негізінде сенім, есепке алу және скоринг инфрақұрылымын дамытты.

Ал енді төртінші тенденция – цифрлық қоғамдық инфрақұрылым. Бұл қоғамдағы өзара іс-қимылдың базалық ережелерін қамтамасыз ететін есепке алу, ашықтық, сенім, төлемдер, сәйкестендіру сияқты цифрлық жүйелер. Кейбір елдерде мұндай жүйелерді мемлекет құрса, басқаларында олар жеке бизнеспен серіктестікте жасалады. Платформалық логика Сингапурдың GovTech Singapore мемлекеттік сервистерінде іске асырылған. Жеке компаниялардың мемлекетпен ынтымақтастығының тағы бір жарқын мысалы – Palantir. Ол мемлекеттер мен корпорацияларға инфрақұрылымдық талдау жүйелерін жеткізу арқылы институционалдық және мемлекеттік процестерге кіріктірілген. Цифрлық қоғамдық инфрақұрылым – бүкіл экономика ауқымында есепке алу, төлемдер мен сәйкестендіруді қамтамасыз ететін іргелі цифрлық құрылымдық блоктар», – деп атап өтіледі Дүниежүзілік банктің цифрлық инфрақұрылым жөніндегі есебінде.

Freedom-ның қазіргі трансформациясы дәл осы трендтердің даму логикасына сай келеді. Компания диджитал-өнімдер жиынтығынан қаржы, деректер және күнделікті цифрланған қызметтер біріктірілген цифрлық инфрақұрылым моделіне көшіп жатыр. Бұл жүйенің құндылығын жекелеген аудиториялар емес, іргелі институттар – мемлекет пен қоғам айқындайды. Мұндай жүйеде олардың сенімі – табыстың басты көрсеткіші.

Freedom экожүйесінің трансформациясы – біреудің моделін көшіру емес, жаһандық өзгерістерге және ұлттық деңгейдегі сұранысқа ілесу. Бұл – функциялар арасындағы бәсекеден экономикалық және әлеуметтік өзара іс-қимылдың орнықты цифрлық негіздерін құруға көшу.

«Инфрақұрылымдық рөлге көшу әрқашан жаңа тәуекелдерді де ала келеді: реттеушілік жүктемеден жүйелердің тұрақтылығы үшін жауапкершілікке дейін. Ауқым, бақылау және сенім арасындағы теңгерімді сақтау – келесі кезеңнің басты сынағы болмақ», – деп түйіндеді Тимур Турлов.

Сондай-ақ оқыңыз