Алматылықтар Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып жатыр

Жарияланды 15 Ақпан 2026 12:08

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Спортшы 2018 жылы қайтыс болды/фото: shutterstock

Қазақстандықтар мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Денис Тенді еске алды.

Әлеуметтік желіде қолданушылар Денис Теннің Қазақстандағы спортқа қосқан үлесі мен қазасы туралы жазып жатыр.

Ал Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.

«Михаилдың жеңісі Денисті еске салды. Денистің ескерткіші алдында жаңа гүлдер пайда болғанын аңғардым. Өзі болмаса да, оның ізі бар екенін сезгендеймін…», – деп жазды Threads желісін қолданушыларының бірі.

Ол сондай-ақ ескерткіш маңынан видео жариялаған.

View on Threads

Актер Абай Асылхан да ескерткіш маңына барған.

«Денис Теннің ескерткіші алдынан жай өткім келмеді. Михаилдың жеңісі Дениске деген сағынышты еске түсірді. Жарқ етіп жұлдыздай жанған батырларымыз аман болсын!», – деп жазды актер.

View on Threads

Шайдоровтың жеңісі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген чемпионға көлік сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясы негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлады.

Ulytau Group компаниясы Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға беретін болды.

Денис Теннің қазасы

2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған Денис Тен Алматының қақ ортасында кісі қолынан жарақат алып, аурухана төсегінде көз жұмды. Қайғылы оқиға 2018 жылы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында болды.

Сондай-ақ оқыңыз