
Apple корпорациясы мен Google-дың Gemini жобасы музыка әуесқойлары үшін жағымды жаңалық жариялады. Енді Apple құрылғыларын пайдаланушылар жасанды интеллектінің көмегімен өз бетінше ән жазып, кәсіби деңгейдегі трек жасай алады.
Музыка әлемінде жаңа дәуір басталды
Google (Alphabet Inc.) компания мен Apple Inc. жасанды интеллект көмегімен музыка жазатын функцияны іске қосып жатыр. Енді Gemini мәтін, сурет немесе видео көмегімен 30 секундтық музыкалық трек дайындай алады.
Аудио дайындайтын құрал ұсыну арқылы Google компаниясының нарықтағы беделі арта түсетін болды. Өйткені ол қазір OpenAI-дың ChatGPT жасанды интеллектісімен бәсекелесіп жатыр.
Көмекші құралдар
iOS жүйесі (iOS 26.4 және одан жоғары) Apple Music қолданбасына Playlist Playground секілді инновациялық құралдар қосты. Gemini-дің тіл модельдеуі мен Apple-дің дыбыс өңдеу технологияларының бірігуі нәтижесінде азаматтар аудио тректер дайындау мүмкіндігіне ие болды.
Ол әнге сөз жазып қана қоймай, музыка стилін, ырғақ пен көңіл-күйді таңдай алады.
Gemini Siri-ден әнші жасады
Бұл интеграция Apple-дің Siri көмекшісін де айтарлықтай жақсартты. Пайдаланушы Siri-ге «Маған жұмысқа бара жатқанда тыңдайтын, рухты, қазақша поп-рок стилінде қысқа ән жазып бер» деп тапсырма берсе, жүйе Gemini-дің креативті мүмкіндіктерін пайдалана отырып, санаулы секундта нәтижесін ұсынады.