Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі кастинг жариялады

Жарияланды 20 Ақпан 2026 14:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, продюсер Дархан Мұсаев кино түсіруге кіріскен еді. Енді жаңа фильмінің басты рөлдеріне кастинг жариялағанын хабарлады.

Жоба авторларының мәліметінше, фильмнің негізгі кейіпкерлерін іріктеу үшін кастинг Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді.

Кастингке 20–37 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер қатыса алады. Ұйымдастырушылар жаңа есімдерге мүмкіндік берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Дархан Мұсаев кино өндірісіне қадам басқанын жариялап, тың жоба дайындап жатқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз