
Әнші Еркін Нұржанов қызды болды. Ол осындай сүйінші хабарды өзінің Instagram-парақшасына салып, жұртшылықпен бөлісті. Оған қоса, гендер пати кезіндегі қызық оқиғаны да оқырманға айтып берді.
Еркін Нұржановтың бесінші баласы өмірге келді. «Жеткенде, шүкір Алла, шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей, жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында» деп өлеңдетіп тұрып сүйінші сұрады. Көпшілік сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, құтты болсын айтып жатыр.
Ал күні кеше Еркін Нұржанов гендер патиден естелік деп жаңа видео салды. Ол жерде сәбидің жынысын анықтау үшін аппақ футболка киіп, бір-бірінің үстіне бояу жағады. Видеода қызыл түсті бояуды көрген екеудің қатты қуанған сәті таспаланған.
Бұл видеоның астына әнші былай деп жазды: «Бұл видеоны бірінші УЗИ-ден соң-ақ түсіріп қойғанбыз. Тіл-көз бар деп салмап едік. Енді салуға тура келді. Анам (марқұм) тұңғышы маған аяғы ауыр кезінен, босанғаннан кейін маған 6-7 ай болғанда әкесінің (нағашы атам) көзіне әрең көрінген екен. Әлбетте, ұялғанынан ғой. Мұны айтқаным, жай сол кезден қазірге дейін қаншалықты алға, қаншалықты артқа дамыдық екен деп ойлайын. Осы видеоны түсірерде келіншегіме жайлап осы әңгімені бастап көріп ем. «Туу, қойшы, сен де шал құсамай», – деді. Қожанасыр айтқандай, «Ее, қатын, сенікі де дұрыс», – дедім».
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін блогер Ырысбалы Икрамбай ұлының тұсауын үш бірдей ер азаматқа кестіргені туралы жазған едік.