Гүлзира Айдарбекова ақшаның ортасында түскен фотосын жариялады

Жарияланды 24 Ақпан 2026 12:46

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ол бір-екі күннің ішінде қатысушыларға тосын сыйы бар екенін айтқан / фото: Instagram
Ол бір-екі күннің ішінде қатысушыларға тосын сыйы бар екенін айтқан / фото: Instagram

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова бір бөлмеге ақша төсеп түскен фотосын жариялады.

Осы суретті салып әлеуметтік желі арқылы жаңа брендін жарнамалап отыр. Ол бір-екі күннің ішінде қатысушыларға тосын сыйы бар екенін айтқан.

Гүлзира Айдарбекова 19 желтоқсанда бұл брендін тікелей эфир арқылы ойын ойнатқанын хабарлаған еді.

«Сатып алған оқырмандарымның арасынан пәтер, көлік, ақшалай сыйлықтарға ие болу мүмкіндігі туып тұр» – деп жазған-ды Гүлзира.

Қайрат Нұртастың анасы әлеуметтік желіде түрлі брендтерін ұсынып, ұтыс ойындарын өткізіп жүр. Оның ішінде, шампунь бальзам, детокс шәй, скраб және табиғи шөптер де бар.

Гүлзира Айдарбекова бұған дейін сусабын сатып, ұтыс өткізген. Ол кезде 10 миллион теңге және Lexus автокөлігі тігілген болатын. Десе де, сусабын сатып алғандар өнімді қайдан аларын білмей дау-дамай туындаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз