Михаил Ломтадзе компаниясы Астанадағы биржадан кетпекші

Жарияланды 24 Ақпан 2026 13:45

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Жанболат Мамышев

Жанболат Мамышев

Business News бөлімінің аға тілшісі zh.mamyshev@kursiv.kz
фото: kolesa.group, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Колеса» компаниясы Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміндегі жай акцияларын ерікті түрде делистингке шығарады. Бұл шешім 23 ақпанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында басым көпшілік дауыспен қабылданды.

Жиналыс күн тәртібі бекітіліп, компанияның жай акцияларын AIX биржасының Pre-IPO сегментінен ерікті түрде шығару мақұлданды. Бірақ делистинг нақты қай күні жүзеге асатыны әзірге хабарланған жоқ.

Компания туралы

«Kolesa Group» бас кеңсесі Алматыда, өкілдігі Астанада орналасқан. Негізгі қызметі – үшінші тұлғалардың ақпараттық материалдарын компанияның ресми сайттарында орналастыру және деректерді орналастыру мен өңдеу қызметтері. 2024 жылдың соңында қызметкерлер саны 535 адам болды.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша компанияның екі еншілес құрылымы бар:

  • «Колеса Авто» (Қазақстан, автокөліктерді бөлшек саудада сату, 2023 жылғы 3 қарашада құрылған);
  • Kolesa (Өзбекстан, деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері, 2018 жылғы 31 шілдеде құрылған).

Акционерлік құрылым

2024 жылдың соңында акциялардың:

  • 48,18%-ы – Михаил Ломтадзеге,
  • 39,56%-ы – «Kaspi Магазин» компаниясына,
  • 12,26%-ы – өзге акционерлерге тиесілі болды.

Ломтадзеге тиесілі 48,18% акцияның 10,95%-ы «Kaspi Магазиннің» сенімгерлік басқаруында. Бұл Kaspi.kz компаниясына Kolesa Group нәтижелерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ломтадзе – қазіргі уақытта елдегі ең бай кәсіпкерлер тізімінде тұр. Forbes есебі бойынша, дәулеті 5,9 млрд доллар деп бағаланған.

Сондай-ақ оқыңыз