Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Жарияланды 25 Ақпан 2026 16:32

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
TikTok платформасына
Roblox ойынына 150 минут жұмсайды/фото: shutterstock

Қазақстанда балалар TikTok желісінде күніне орта есеппен 130 минут өткізеді. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Бұл туралы балалардың цифрлық белсенділігін талдайтын қазақстандық стартаптардың бірі хабарлады. Олардың мәліметінше, Қазақстандағы мектеп оқушылары әлеуметтік желілер мен мобильді ойындарға Еуропа мен АҚШ-тағы құрдастарына қарағанда көбірек уақыт жұмсайды.

Ең танымал қосымша – Roblox ойыны. Балалар қосымшада орта есеппен күніне шамамен 150 минут өткізеді. Одан кейінгі орында TikTok тұр.

Сонымен қатар ең көп қолданылатын платформалар тізіміне YouTube пен WhatsApp кіреді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ересектер баласының қайда жүргенін айына шамамен 140 рет тексереді. Демек күніне төрт-бес рет қарайды. Бұл көрсеткіш Еуропа елдеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай осылай жалғаса берсе, келешекте Қазақстандағы жасөспірімдердің экран алдында өткізетін уақыты одан әрі артуы мүмкін.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Евгений Кочетов Қазақстанда Roblox ойынын бұғаттауға қатысты сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, ешқандай шағым түспеген, сондықтан ол платформаны шектеу мәселесі талқыланып жатқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз