
Актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова қоныс тойын және жұбайының туған күнін қатар атап өтті. Мерекелік кешке өнер мен медиа саласының бірқатар өкілдері шақырылған.
Қонақтардың қатарында Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Гүлнұр Оразымбетова болды. Жұлдыз Әбдікәрімова кеш барысында жаңа үйін аралатып, бөлмелерін көрсетті.
Үйді таныстыру сәтінде қонақтар жатын бөлмеге де бас сұқты. Қонақтардың бірі бұл бөлмені әзілмен «ханның қызы жататын бөлме» десе, енді бірі бөлмеде орнатылған камераға назарын аударды.
Осы кезде Айгүл Иманбаева әзіл аралас: «Бұл жерде кіммен жатасың?» – деп сұрақ қойып, жиналғандарды күлкіге қарық қылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова ата-енесін шақырып, қоныстой жасаған еді.